Түркістан облысында өрт салдарынан мыңнан астам қой қырылды

166
0
Өрт салдарынан 150 тонна шөп жанып кетті. Сонымен қатар, оқиға орнынан қойшының денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 101 пультіне таңғы сағат 7.15-те Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында, екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті.

Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Қазірг уақытта көлемі анықталуда.

Тілсіз жауды ауыздықтауға Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.