Қазақстанда паспорт рәсімдеу құны 24 504 теңге болды

207
0
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мемлекеттік қызмет алуға төленетін мемлекеттік баж туралы мәліметтер ұсынды, — деп хабарлайды Zakon.kz

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіштің 3 мың 063 теңгеге артуына байланысты, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызмет алуға төленетін мемлекеттік баж құны да өзгерген:

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты – 24 мың 504 теңге (8 АЕК);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты – 612 теңге 60 тиын (0,2 АЕК);
  • «Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды, қалпына келтіруді және одан шығуды тіркеу» – 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
  • «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» – 12 мың 252 теңге (4 АЕК);
  • «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу» – 1 мың 531 теңге 50 тиын (0,5АЕК);
  • «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» – 3 мың 063 теңге (1 АЕК);
  • «Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, дакто, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» – 6 мың 126 теңге (2 АЕК әр айға).