Шымкент өз аруын таңдады

252
0

каз20Кешегі аптада қала күні  мерекесіне орай облыстық опера және балет театры ғимаратында “Шымкент аруы – 2013” байқауы өтті.
Елімізге белгілі сахна саңлақтары Ғани Құлжанов пен Ирина Ажмухамедова жүргізген салтанатты кеш барысында Қазақстан эстрадасының жас жұлдызы Әли Оқапов пен жергілікті бір топ өнер майталмандары шымкенттік аруларға арнап тамаша әндерді тарту етті.

Жалпы саны 16 бойжеткен өнер көрсеткен сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші вице-мисс болып Динара Сафина марапатталды. Ал, 2-ші вице-мисс номинациясына Анастасия Зиновьева, 3-ші вице-мисс номинациясына Фариза Мұқан лайық деп танылды. Ал, «Шымкент аруы» атағын Әсем Ізбасханова жеңіп алды. 21 жастағы Әсем – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы – «Туризм». “Шымкент аруы — 2013” байқауының бас жүлдегері енді “Қазақстан аруы” сайысында Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.
Байқауда қазылар алқасының төрағасы болған қала әкімінің орынбасары Бахадыр Нарымбетов сайыстың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айта келе, Шымкент аруы сайысында бақ сынаған барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

«Уақыт»