2021 жылдағы инфляция көлемі белгілі болды

188
0
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы желтоқсанда инфляция 0,6% (2020 жылғы желтоқсанда – 0,9%) болды.

Жылдық инфляция 8,4% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, ақылы қызметтер – 6,5%-ға көтерілді.

2021 жылғы желтоқсанда халықтың пікіртерім нәтижесі бойынша бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 10,3% болды.