2021 ЖЫЛЫ ҚАЛА АУМАҒЫНДА ЖАЛПЫ 300 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

152
0

Шымкент қаласы Ақпарттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясовтың қатысуымен қала аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

«2021 жылы қала аумағында жалпы 300 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Оның ішінде, жасыл белдеуге 200 000 дана, қала көшелеріне 75 500 дана, саябақтар мен гүлзарларға 10 000 дана ағаш көшеті егілсе, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нен 1 500 дана сібірлік шырша, 500 дана калифорниялық терек және1850 дана түрлі ағаш көшеттері әкелініп, Дендросаябақтағы тұқымбаққа отырғызылды», — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, қала аумағындағы каналдар мен өзендер арналарын тазарту, егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсарту мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде жалпы ұзындығы 131 шақырым құрайтын 18 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Каналдардың бойында орналасқан елді мекендер арасында санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 97,7 шақырымды құрайтын 9 каналға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілсе, Қошқар-ата өзенінің бойында орналасқан балалар бассейніне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында Сайрам су каналының оң жағалауындағы күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, Көк, Чумчак каналдарындағы күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, «Текесу» су қоймасының қауіпсіздік декларациясы мен «Бозарық» каналына зерттеу актісі жасалды.