БАЛАЛАРҒА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

79
0
Қазір жаз маусымында балалардың үш ай жазғы демалысы, ересектердің еңбек демалысына орай серуендеу және шомылу уақыты. Яғни теңізде, бассейнде, су айдынында шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керектігін ескергеніміз жөн.
Осы мақсатта Қаратау ауданы әкімдігі мен аудандық төтенше жағдайлар басқармасымен бірге аудан аумағындағы бассейн аймағы бар нысандарды аралап, балаларға суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік және жазатайым оқиға орын алған сәтте алғашқы көмек көрсету ережелерін кеңінен түсіндірді. “Ыстық күні суға түсу қауіпті, бұл жүректің тоқтауына және естен тану қаупіне әкелуі мүмкін. Балалар немесе ересектердің су астында қарсылас ретінде аяғынан ұстап тартып, ойын ойнау бұл өте қауіпті. Шын мәнінде оқыс оқиғаға орын алуы мүмкін. Ал ешқандай қауіп-қатер туындамаса, жалған дабыл көтеріп, суға батып бара жатқандай көрініс жасаудың қажеті жоқ. Себебі шын қауіп туындаған кезде сізге сенбей қалуы мүмкін. Бұл ережелерді суға шомылушы әрбір бала білуі тиіс”,- дейді аудандық төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері. Еске сала кетейік, аудан және аудандық төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары — суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз; тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз, суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар; өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз; суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз, қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз; техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.