“БАЛАЛАР ТУРИЗМ АПТАЛЫҒЫНА” 250-ДЕН АСА БАЛА ҚАТЫСТЫ

202
0

Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының маңызды функцияларының бірі — ішкі туризмді дамыту. Басқармаға қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы осы бағытта – «Балалар туризм апталығын» ұйымдастырған болатын.

Осы мақсатта, мамыр айының 16-20 жұлдызы күндері, жалпы саны 250-ден аса бала Шымкент қаласының туристік нысандарымен танысты.

Балалар мен жасөспірімдерге орталықтың гид-экскурсоводтарының жетекшілігімен әр нысанның мән-мазмұны туралы нақты деректер негізінде ақпараттар берілді. Экскурсия бағдарламасының барысы тек ақпаратпен шектелмей, оқушылардың өзара достық қарым-қатынас орнатуларына да ықпал етті.

«Барлығымыз үшін ең қымбат естеліктер — ол бала кезіміздегі сәттер. Апталықтың басты мақсатының бірі – жасөспірімдерге әдемі саяхат ұйымдастыра отырып, өмір бойы жадында қалатын естеліктер сыйлау болатын. Сондықтан, бағдарламаға қаланың ең танымал туристік орындары біріктіріліп, апталық барысында 10-нан аса нысанға тегін экскурсия жүргізілді», — деді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.

Туризмді түлету — туған елді танудан басталады. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы алдағы уақытта балалар туризмін дамытуды аймақ, өңіраралық деңгейде өткізуді жоспарлауда. Ал жалпы қалаға келетін туристер саны жыл сайын артып келе жатыр. Қонақжайлығымен танылған үшінші мегаполисте туристерге барынша жағдайлар жасалуда. Тиісті басқарма тарапынан жасалған жемісті жұмыстар нәтижесін де бере бастаған. Қала климатының өзі жылдың төрт мезгілінде қонақтарды күтуге қолайлы. Қала берді, қалаға қарасты аумақта тарихи-мәдени ескерткіштер саны да айтарлықтай көп. Мұның өзі мәдени демалысты қалайтын көпке таптырмас мүмкіндік.