«ОҢТҮСТІК» АЙНАЛМА ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

176
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс барысымен танысты. Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.

Айналма жолдың Шымкент-Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылуда.

Құрылыс нысанының 6 учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда.Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр.

Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, 45 самосвал, 8 каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, 1 бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.

Айта кету керек, Шымкент қаласында алдағы жылдары қанағаттанарлық автомобиль жолдарының үлесі 80 пайызға артады. Бұл көрсеткішке жету үшін 2025 жылға дейінгі көлік инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілген. Осының негізінде жалпы 563 жоба қарастырылған. Кешенді жоспар аясында биыл шаһарда 348 шақырым жол жөндеу жүргізіліп, жыл соңына дейін оның 271 шақырымнан астам жол пайдалануға беріледі. Қалған жолдың құрылысы келер жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға артады. Жалпы қала аумағында 187 нысанда жол жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 164-де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жол құрылысы саласында өткен жылы орталық көшелердің құрылысына басымдық берілсе, осы жылы ішкі орамдық көшелерді жөндеу қолға алынып отыр. Бүгінде құрылысы біткен жолдардың пайдалануға беріліп жатқанын да тілге тиек ете кеткен жөн.