БАЯНДЫ КӨМЕК КӨШIН БАЛАБИЕВ БАСТАДЫ

298
1

 

Күнi кеше болған Шымкенттiң «Бекжан» базарындағы кәсiпкерлердi қан қақсатқан алапат өрттiң зардабы талай жанның көз жасын көл еттi. Бар жиған-тергенiнен айырылған базар кәсiпкерлерiне көмек беру үшiн «Көмек» қоры құрылған. Қазiр оған алғашқы қаржы түсе бастады. «Самал», «Дархан», «Айна» секiлдi сауда орындарына басшылық жасап жүрген кәсiпкер азамат Қайрат Балабиев 3 миллион теңге қаржысын бiрiншiлердiң қатарында болып қор қоржынына салды. Сол секiлдi «Отау строй» құрылыс компаниясы 20 миллион, «Алаш» базары 2 миллион теңгенi аударып үлгердi. Ағайындық көмек ары қарай жалғасуда.

 

«УАҚЫТ»-ақпарат.