ӨРТТІҢ ОРТАСЫНДА ҚАЛСАҢЫЗ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Ағымдағы жылдың 9 айында Түркістан қаласында өрттің шығуы, газдан улану, суға кету және тағы басқа  327 оқиға орын алды. Оның ішінде 49-ы өрт оқиғасы.

Бұл туралы Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ағымдағы жылдың 9 айында атқарған жұмысында хабарланған.

Біз көбіне көп өрттің алдын алу туралы хабардар етеміз. Ал өрт болған жағдайда не істеу керек?

Бұл сұраққа Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы төмендегідей түсіндіру айтады.

Егер ғимаратта, жеке тұрғын үйде немесе өзге де орындарда өрт шыққан жағдайда суланған мата арқылы дем алу керек. Жалын сізді шарпымас үшін киіміңізді сулаңыз немесе суланған матаны жамылып алыңыз. Ғимараттан тез шығуға тырысыңыз. Еденге жақын еңкейіп немесе еңбектеп жүріңіз. Жеделсатыны пайдаланбаңыз. Ғимараттан шыға алмасаңыз, терезені ашып белгі беріңіз.

Есіңізде болсын, Сіздің қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда.

Айта кетейік, өрт қауіпсіздігін алдын алу үшін жыл басынан бері қала аумағында табиғи және техногенді сипаттағы апатты алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сала мамандары бұқаралық ақпарат құралдарына 18 сұхбат берді. Атап айтқанда, тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережесі туралы -6, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы -7, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік туралы -5 материал көрерменге ұсынылды.

Радиодан  95 рет (тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесі бойынша -15, жас балаларды қараусыз қалдырмау бойынша -11, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша – 22, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік бойынша  -52  тақырыптарында) сөз сөйленді.

«Түркістан газеті» баспа басылымдарына 41 мақала (тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережесі -15, жас балаларды қараусыз қалдырмау — 6, жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі — 11, шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік -8 мақала) жарияланды.

Әлеуметтік желілерге (instagram,facebook,Vk)  103 рет мақала, оның ішінде  23 видеоролик жарияланған.