ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ — ЕЛДІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШІН АЙҚЫНДАЙДЫ

64
0

Әлемде орын алып жатқан геосаяси оқиғалардың тізбегі қарапайым тұрғындардың өміріне кері әсер еткені белгілі. Базардағы баға құбылып-ақ тұр. Сондықтан болар бүгінде әлем елдері бұқараның әлеуметтік ахуалына айрықша назар аудара бастаған. Бүгінде бірқатар елдерде халықтың тұрмысын түзеу мақсатында қыруар іс қолға алынып жатыр. Оның ішінде еліміз де бар. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданында тұрғындардың әлеуметтік ахуалы баса назарда. Тарқатайық…

Әл-Фараби ауданындағы көп балалы аналар саны – 5374 болса, олардың 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері 27 «Алтын алқа» және 90 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталып, 104 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттауға ұсыныс хаттар жолданды. Аудан бойынша жыл басынан 4 526 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, оның 4 146 отбасы «Мұқтаж» деп танылса, 8,4% пайызы немесе 380 отбасы «Мұқтаж емес» деп танылды. Өз кезегінде, тұрғындардың тұрмысын түзеу мен шағын және орта кәсіпкерлікке баса назар аудару арқылы жұмыс орындарының көптеп ашылуына жағдай жасай аудан әкімдігінің айрықша назарында.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 2022 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген  11 988 отбасыға немесе 59 051 адамға тағайындалды. Ал 2022 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 8 964 отбасыға немесе 43 762 тұрғынға тағайындалып, 2022 жылдың 3 тоқсан  бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 7 618 отбасыға немесе 37 623 адамға тағайындалған. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 2022 жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі таңға орта есеппен 57 908 пакет берілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 19 154 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 291 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар. Қорыта айтқанда үшінші мегаполисте тұрғындардың тұрмысын түзеу мен әлеуметтік ахуалының жақсара түсуі үшін қыруар іс қолға алынып, жүзеге асырылып келеді.