«ҚУАНЫШ» БАЗАРЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті,-деп хабарлайды uakit.kz.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша ағымдағы жылдың 3-қарашасында Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы №188/3 мекенжайда орналасқан «Қуаныш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базарындағы «Әмір» сауда орталығының екінші қабатындағы №28 дүңгіршекте электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өрт шығады. Өрттің шыққаны туралы хабарлама  №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің кезекші патрульіне күндізгі сағат 16:10 түседі. Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері күндізгі сағат 16:11-де шығып, оқиға орнына сағат 16:15-те жетеді. Өрт 16:35-те оқшауланып, 16:40 минутта толық сөндіріледі.

Өртті ауыздықтау үшін барлығы 24 өрт сөндіруші қатысады.

Мұндай оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндірушілердің өртті сөндіру дағдылары мен тактикасын пысықтау. Табиғи және техногенді апат кезіндегі өртті ауыздықтауға кәсіби түрде әрдайым дайын болу. Құтқарушылардың базар қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың өмір қауіпсіздігін қалыптастыру қызметтерімен бірлесіп әрекет ету, жұмыс атқару қызметін ұйымдастыру.

Аталған оқу-жаттығуға Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 2 бірлік техникасы мен автосатысы шыққан. Сонымен қатар №39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің де техникалары жұмылдырылған.