ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

108
0

Шымкентте жыл басына бері сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырамын деген жеке және заңды тұлғалардың 88 өтініш кері қайтарылған, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бұл туралы Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы БАҚ өкілдеріне 2022 жылғы 9 айында атқарылған жұмыстары туралы арнайы брифингте айтты.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін тиісті лицензияларды алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардан жыл басынан жалпы саны 436 өтініш түскен. Бекітілген бірыңғай біліктілік талаптарын қарау нәтижесінде, 130 лицензия берілді, оның ішінде жаңадан 40 лицензия берілді және 90 лицензия қайта рәсімделді. Бас тартылғандардың саны  және 188 өтініш кері қайтарылған.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыратын сарапшылардың аттестатын алу мақсатында жалпы саны 188 өтініш түскен. Берілген аттестаттардың саны 44 және бас тартылғандардың саны 144 өтініш.
Сарапшыларды аттестаттау «E-Qurylys» ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заңбұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға тиісті әкімшілік шаралар қолданылған, атап айтқанда, сарапшылардың 11 аттестаты және 4 лицензиялардың қызметі уақытша тоқтатылған.
Айта кетей, қала аумағында заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстары жүргізу бойынша жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, 794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындаса, 189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған.
Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 259 құрылыс объектілері бойынша 629 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (43 387 АЕК – 132 896 707 теңге).