ШЫМКЕНТТЕ САПАЛЫ ЖИҺАЗ ӨНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

108
0

Шымкенттегі «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «MEGA SMART GROUP» серкітестігі  сапалы жиһаз өнімін ұсынуда, деп хабарлайды Uakit.kz.
Шымкенттегі «MEGA SMART GROUP» серкітестігі заманауи үлгідегі сәнді де сапалы жиһаз өнімдерін өндіреді. Жиһаз фабрикасы қазір халықаралық стандартқа сай өнімдер шығарады. Кәсіпорын қондырғылары италияндық, фабрика жұмысы автоматтандырылған. Өндіріс орынның жикізаты мен керекті материалдары қоймада сақталады. Серіктестік нарықтың сұранысына сараптама жасап, тапсырыс берушінің өнімін тездептіп беру қауқары бар.
Европалық қондырғылар жұмысты сапалы әрі жылдап орындайды. Кәсіпорын мамандары тәжірбиелі, өз саласының нағыз мамандары. Фабрика қызметкерлері яғни операторлары басқару және бақылау жұмыстарымен айналысады.
«Жиһаздың бағасы нарыққа және өзінің сапасына лайықты. Себебі біз материалдарды австриялық «EGGER Group» компаниясынан аламыз. Қалғанын тапсырыс берушілердің талғамына қарай жасаймыз», — дейді техникалық бөлімнің басшысы Руслан Құрмаханов.
«MEGA SMART GROUP» серкітестігі Оңтүстік өңіріне сапалы жиһазбен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі таңда басқа да облыстардан сұраныс артуда. Бұдан бөлек, өндіріс орын мектепке қажетті жиһаз өнімдерін де өндіреді. Сапалы өнімді мемлекеттік мекемелер де тұнып отыр.
Айта кету керек, Шымкентте жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2022 жылға 15,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 11,1 млрд. теңгеге 3 028 жобаға қолдау көрсетілген. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 666,4 млрд.теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі (НКИ) 106,7 пайызды құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 8,1 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 1,8 пайызға өсуі есебінен қалыптасты, ал кен өндірісі 14,4 пайызға, сумен жабдықтау саласы 16,3 пайызға төмендеген.