БӨЛІНЕР ҚАРЖЫ 5 ЖЫЛДА 24 ЕСЕГЕ АРТҚАН

77
0

Шымкент қаласының республикалық қала мәртебесін алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Десе де күні бүгінге дейін қалада қыруар іс атқарылып, бірқатар жүйелі жұмыстар орындалды. Тұрғындардың толғақты мәселелерін шешу мақсатында да ауқымды бастамалар көтерілген. Қалаға қарасты шағынаудандар мен елді мекендерге инженерлік инфрақұрылым желілері тартылып, жол сапасы жақсара түскен. Бір ғана Абай ауданында атқарылған жұмыстар – мұның айқын айғағы.

Абай ауданының аумағы 49 704 гектарды құраса, халық саны – 322 911 адам. Аудан аумағында 34 шағынаудан мен елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 453 көп қабатты үй, 258 аула мен 2 саябақ бар. Ауданға 2017 жылы 22,6 млрд.теңге бөлінсе, 2022 жылы 110,8 млрд теңге барлық сала бойынша бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде бөлінетін қаржы 24 есеге көбейген. Сала бойынша талдасақ, ауыз суға 2017 жылы – 280 млн.теңге болса, 2022 жылы 5,2 млрд.теңге, электр жарығына  2107 жылы – 864 млн.теңге болса, 2022 жылы 5,2 млрд.теңге, табиғи газға  2017 жылы – 106,4 млн.теңге болса, 2022 жылы 5,3 млрд.теңге, кәріз жүйесіне – 2017 жылы – 1,1 млрд.теңге болса, 2022 жылы 1,4 млрд.теңге, абаттандыруға – 2017 жылы – 100 млн.теңге болса, 2022 жылы 956,1 млн.теңге, жол жөндеу мен салу жұмыстарына – 2017 жылы – 1,7 млрд.теңге болса, 2022 жылы 2,4 млрд.теңге, жарықтандыруға – 2017 жылы – 91 млн.теңге болса, 2022 жылы 5 млрд.теңге, санитарлық тазалыққа – 2017 жылы – 186 млн.теңге болса, 2022 жылы 2,6 млрд теңге, әлеуметтік салаға – 2017 жылы – 18,1 млрд.теңге болса, 2022 жылы 75,3 млрд.теңге бөлінген. Мұның өзі Шымкенттің республикалық қала мәртебесін алуы ауданның да әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын әлденеше есе арттырғанынаңғартады.

Бүгінде Абай ауданының көрсеткіштері жоғары. Сандарды сөйлетер болсақ, 2022 жылдың 9 айындағы қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі 56,8 млрд.теңге болған. Осы уақыт аралығында инвестициялық жайлы орта қалыптастырудың арқасында ауданға 32,7 млрд теңгенің қаржысы құйылған. Құрылыс саласы да ауқымды. Көлемі 3,9 млрд теңгені құрайды. Әлеуметтік әлеуетін арттыру ісі де назардан тыс қалған емес. Жыл басынан бері 2110 адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылған. Ауыл шаруашылығының өнімі 12,3 млрд теңгеге жуықтаса, байланыс саласында қаржы көлемі 1,3 млн теңгені, көлік қызметі 72,3 млрд теңгені құрап отыр. Ауданды дасыту бойынша жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.