ҚАУІПТІҢ БЕТІ ДЕР КЕЗІНДЕ СЕЙІЛДІ

83
0

Ағымдағы жылы Түркістан қаласындағы Т. Рысқұлов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт оқиғасы орын алады.

Бұл турала хабарлама қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс бөліміне түседі. Оқиғаға орай өрт сөндіру депосының құтқарушылары өрт сөндіру автокөліктерімен хабарламада көрсетілген мекенжайға бес минутта жетеді. Өрт сөндірушілер жеткен кезде үй ауласында орналасқан темір дүңгіршекке  (көлемі 3х2) жалын шарпып жатқаны анықталған. Темір листімен қоршалған сарай ішіне жиналған ағаштар мен үй заттары бықсып жанған. Өрт сегіз минут ішінде толық сөндірілген. Оқиға кезінде өрт сөндірушілер сарай ішінен 25 литрлік 1 дана газ баллонын сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге қойған.

Оқиға кезінде күйік алып, зардап шеккендер болмады.