ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ
Шымкенттегі көкбұлақтықтардың мәселесі өз шешімін таппақ, деп хабарлайды Uakit.kz.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет» деп айтқан болатын. Осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасып келеді.
Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың барлық шағын аудандарды, елді мекендерді аралып, тұрғындармен жүздесіп, көтерілген мәселелерді шешу бағытында тиісті сала басшыларына тапсырмаларды беруде. Одан бөлек кездесуге кезінде мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат беріп, тұрғындар тарапына қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беруде.
Жуырда өткен кезекті кездесу барысында Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекені тұрғындары мәдениет үйінің тозығы жеткенін айтып, оны қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу керектігін айтқан болатын. Өз кезегінде қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде барысында мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша зерделеуді тапсырды.
Айта кету керек, мәдениет үйі 1988 жылы салынған ғимарат. Ол 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Жалпы алаңы – 212,1 шаршы метр. 2017 жылы «Оңтүстік Аймақ Сараптама» ЖШС сараптамасының қорытындысымен ғимарат жарамсыз деп танылған.
Көкбұлақ елді мекені тұрғындарының мәселесі май шаммен қаралып, таяуда тозығы жеткен ғимаратты бұзып және қайта салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы қаралды. Мердігер «Диас-проект» серіктестігі. Бүгінгі таңда мердігір мекеме тарапынан ЖСҚ құжаттары әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылға жоспарланып отыр. Жалпы шаһарда әлеуметтік нысандарды қайта жаңғырту, қайта құру жұмыстары кезең-кезең бойынша атқарылуда.