ЕЛІМІЗДЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН АШУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛЫП ЖАТЫР

98
0

Шымкент қаласы білім басқармасының мәлімдеуінше, дарынды балалардың әлеуетін ашуға айрықша жағдай жасалып жатыр. Сондай-ақ биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды. Яғни 2022 жылы 27 жеңімпаз аталған сыйлыққа ие болған.

Сонымен қатар бұған дейін дарынды балаларды да, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды да қолдауда меритократия тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын көрсететін халықаралық зерттеулер туралы басқарма тарапынан түсіндірілген болатын.  Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрық шыққан. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді. Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және өзге де білім ордаларына оқуға түсе алады.

Бүгінгі таңда жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылдануда. Тұрмысы төмен болғандықтан қосымша білім алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін осындай мектептерде оқуға мүмкіндік беру олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер ететініне сенім жоғары.  Бұған дейін басқарма тарапынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталар енгізілген болатын. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті. Бүгінгі балалар – ертеңгі елдің тізгінұстарлары. Осы орайда, қалалық білім басқармасы тарапынан олардың жан-жақты дамуына барлық жағдайлар жасалып келе жатыр. Қолдау мен жан-жақты жағдай жасау алдағы уақытта да жалғаса бермек.