МӘСЕЛЕЛЕР КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ
Тұрғындар көтерген мәселе назардан тыс қалған емес. Әрбір түйткілді түйін бойынша жедел жұмыстар атқарылып, нәтижесін көп көріп келеді. Бұдан бөлек, қала әкімінен бастап басқарма басшыларына дейін қоғамдық қабылдаулар өткізіп, маңызды мәселелер бойынша жолданған сауалдарға жауап беруде.
Мәселен, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов онлайн қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселесін тыңдаған болатын. Тұрғындар осы қабылдауға қала әкімдігінің ресми сайтына өтінімі және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған. Қабылдауда азаматтар жер иеліктерін заңдастыру, қоғамдық көліктердің жүру жүйесі мен шағынаудандардағы ішкі орам көшелерге асфальт төсеу және балалар спорт алаңшаларын салуға жөнінде ұсыныстарын жеткізген. Тұрғындар көтерген мәселе әрқашан әкімдіктің назарында екенін айтқан Мақсұт Пернебайұлы тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп, орындалуын өз бақылауына алатынын жеткізді. Мақсұт Исахов жетекшілік ететін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, инфрақұрылым, құрылыс және жер қатынастары, цифрландыру, спорт салаларына қатысты мәселелер бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/activities/population?lang=kk сілтемесі арқылы жазыла алады. Жалпы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов кураторлық ететін салада қыруар іс атқарылып жатыр. Жолдар кезең-кезеңімен салынуда, қаладағы кептеліс мәселесі де шешімін тауып келе жатыр. Қоғамдық көліктердің сапасы да жақсарып, тұрғындардың түйткілді мәселелері ретімен шешілуде. Қала әкімінің орынбасары атқарылған жұмыстардың сапасын тікелей бақылап, құрылыстың дер кезінде аяқталып, тұрғындар игілігіне берілуі үшін іркіліссіз іс атқарып келе жатыр. Жемісті жұмыстар да аз емес. Атқарылар ауқымды бастамалар да көп. Сапаға қатысты сын дер кезінде ескеріліп, тиісті шаралар да көріліп келеді. Бір сөзбен айтқанда, тұрғындар көтерген түйткілді түйіндер шешімін тауып келе жатыр.