ҰЛТЫ САУЛЫҒЫНЫҢ МЫҚТЫ БОЛУЫ МЕДИЦИНА САЛАСЫНА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ

55
0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында қоғамдағы өткір мәселелер жайы сөз болды. Маңызды құжатта баса айтылған саланың бірі – медицина. Осы орайда, шымкенттік медицина мамандары мемлекет басшысы жариялаған Жолдауына қатысты пікір білдірді. Жиынға қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен мемлекеттік медицина ұйым басшылары, саясаттанушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Шараға қатысушылар сөзінше, бейінді дәрігерлерді дайындап,  денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру – аса маңызды шешім. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аударып, мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдалануға басымдық беру керегін мемлекет басшысы тілге тиек еткен болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында биыл жеке инвесторлар есебінен төрт бірдей медициналық орталық ашылды. Сондай-ақ 2022 жылға қосымша 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспарға енгізілген.  Нәтижесінде халықты дәрігермен қамтамасыз ету көрсеткіші жоғарылап отыр. «Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер базасында медициналық қызметтер көрсетуге 129 денсаулық сақтау субъектісі бар. Оның ішінде Мемлекеттік – 30 , жеке – 97. Жеке инвесторлардын есебінен 2022 жылда жаңа 4 медициналық ұйымдар ашылып, 50 мың халыққа қызмет көрсетуді бастады. 2022 жылға қосымша 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспарға енгізілді (№6 қалалық емханасынан 3,4 мың тұрғын «ASEM MEDICAL» ЖШС-не, «QAMQOR» ЖШС-нен  8,5 мың тұрғын «Өркенмед» ЖШС-не, №10 қалалық емханасынан 3,4 мың тұрғын «Imperium» ЖШС-не, №2 қалалық ауруханасының 10 мың тұрғын «КАМЕЯ pfarm Group» ЖШС-не, №1 қалалық емханасы мен «№14 емдеу орталығы» ЖШС-нен  5 мың тұрғын «Ер-Ана» ЖШС-не). Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік сапаны қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырылды. 2022 жылға 393 медициналық көмектің жоспарланған көлеміне шарттар жасалды. Жасалған шарттардың сомасы 96,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде – 54,4 млрд теңге, МӘМС жүйесінде – 41,7 млрд теңге, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 8 пайызға өсті» дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова.