ИГІЛІКТЕГІ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛҒАН

85
0

Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы аумағындағы Игілік тұрғын алабының Бабата көшесі тұрғындарының жыл басында әкіммен кездесу барысындағы өтініштерінің бірі көшеге асфальт төсеу болатын. Соған сәйкес орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда афсальтбетон қабатының 1 қабаты төселді. Жолдың жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрауда.

Салынып жатқан жол сапасын Шымкент қаласының әкімі арнайы барып тексеріп, тұрғындармен кезесті, арыз-шағымдарын тыңдады. “Жол активтері сапасының ұлттық сапа орталығына” асфальтбетон қабаты бойынша сараптама жүргізуді тапсырған шаhар басшысы, жол салу жұмыстарының әр кезеңінде сапа бақылауының маңыздылығына тоқталып, жоспарға сәйкес, магистралды көшелерімен қоса, ішкі орам көшелерінің сапасы басты назарда екенін атап өтті. Жуырда Ақпараттық-коммуникациялық орталығында ҚР ИИДМ «Жол активтрі сапасының ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының директоры Мұхтар Дүйсембеков орталықтың үш жылда атқарған жұмыстары бойынша есеп берген болатын. «2019 жылдың наурыз айында Үкіметтің қаулысы бойынша құрылған «Ұлттық сапа орталығының» басты міндеті – үш бағытта жұмыс істеу. Біріншісі – жол жөндеу жұмыстары, сараптама жасау және де жол құрылыс материалдарына сараптама жасау, екіншісі — автомобиль жолдарына диагностика жасау, үшінші — ведомоствалық сараптама жасау. Осы уақытқа дейін филиал Білім басқармасымен бірлесіп, болашақ жол құрылысы мамандарын дайындау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. 2020 жылы 50-ге жуық мектеп қамтылса, 2021 жылы қаламыздың барлық мектептерінде (135 мектеп) кездесулер ұйымдастырылды. Ал 2022 жылы 70-ке жуық мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді» деді спикер баспасөз брифингі барысында. Жол саласы маманының мәлімдеуінше, үш жылда сынақ зертханасы 745 сараптама өткізіп, 1 632 ақауларды анықтады, оның ішінде өрескел ақаулар саны — 150. Филиал қызметкерлері «Сапалы жол – адалдық алаңы» кеңсесімен бірлесе отырып, жол сапасына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында 24 рейд ұйымдастырды. Осы жылы да 205 нысанға рейд жүргізіліп, нәтиежелері бойынша 198 кемшілік пен ақаулар анықталды. Бұл жол белгілерінің беріктігі сәйкес келмеуі, бетонның сапасы сияқты ақулар. Сондай-ақ, сыналған 780 құрылыс материалының 556-сы талапқа сай келмейтіндігі анықталды. Сонымен қатар, Орталық тарапынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен және Жол-көлік колледжімен болашақ жол мамандарына бағыт-бағдар беру мақсатында меморандум түзіліп, тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп тұрады. Үш жылдың ішінде 9 студент ақылы өндірістік тәжірибеден өтті, қазіргі таңда М. Әуезов атындағы ОҚУ түлегі сынақ зертханасында қызмет атқаруда.