ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІҢ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

87
0

Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында атап өтті.

Нақтырағы, өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр. Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге. Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды. Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз. Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты. Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен кезекті инвестициялық штаб отырысы өтті. Штабқа ZOOM платформасы арқылы қосылған кәсіпкерлер жаңа инвестициялық жобаларын таныстырып, олардың өңір және ел экономикасына тиімділігі жөнінде ұсыныстарын айтты. Атап айтсақ, «Агрополимер» ЖШС — полипропилен жібін шығармақ. Өндірісті 2023-2024 жылдары іске қосу жоспарда. Инвестиция көлемі 1,94 млрд теңгені құрайтын жоба нәтижесінде 41 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 2 га жер беруін сұрауда. Жоба мақұлданды. Сутегі асқын тотығын өндіретін «HYDROGEN ENERGY» ЖШС – 4 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асуы нәтижесінде 30 адамды жұмыс орнымен қамтымақ. Жылына 8 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. «Оңтүстік» АЭА-дан 2,4 га жер телімін беру мақұлданды. Монтаж көбігін өндіретін жобаның құрылысын биыл бастау жоспарланған. 250 млн. теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылады. «Оңтүстік» АЭА-дан 0,3 га жер теліміне сұраныс білдірген «BERPER GROUP» өндіріс орны жылына 30 мың банкі шығару мүмкіндігіне ие. Минералды тыңайтқыштар мен агрохимикаттар өндіретін жаңа жобаның құны – 450 млн теңге. «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылыс жұмыстарын кезең кезеңімен 2022-2025 жылдарға жобалап отыр. Жылдық қуаттылығы – 300 мың литр. «Жұлдыз» индустриалды аймағынан 1 га жер берілді. Инфрақұрылыммен қамту жөніндегі өтініші қала басшысымен мақұлданды. Экономиканың қуатын арттыратын әрі импортқа тәуелділігін азайтуға септігін тигізетін бірегей жобаларда бюрократиялық кедергілерге жол бермеудің маңыздылығына тоқталған Мұрат Әтенов, әрбір жобаның іске асырылу барысы жіті бақылауда болатынын жеткізді.