ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРҒЫН АЛАБ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

85
0
Шымкентте жол құрылыс жұмыстары басты назарда, деп хабарлайды Uakit.kz.
“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының барлық сындарлы өтініш-тілектері жедел әрі тиімді қарастырылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Абай ауданы аумағындағы Алтынтөбе тұрғын алабының жалпы ұзындығы 1,4 шақырым жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алабтағы Өтебай көшесінің ұзындығы 0,4 шқ, жолдың асфальтбетон жабындысын ауыстыру сонымен қатар, аяқжол салу жұмыстары жүргізілді. Аталмыш көшеде асфальт жабындысы 2 қабаттан салынды. Сонымен қатар, Нұрлыбай және О.Жамалов көшелерінің жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған көшелердің ені — 5 метрді құрайды.
Айта кетейік, 2021-2025 жылдарға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, орташа жөндеу бойынша ағымдағы жылы шалғай елді мекендер мен ішкі орам көшелеріне басымдылық беріліп, жалпы 300-ден астам көше жөндеуден өтті.
Бұдан бөлек,  Абай ауданы Игілік тұрғын алабы аумағындағы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын 2 көшеге асфальт жабындысы төселді. Көксарай дүкенінің маңындағы Атауы жоқ 2 көшеде жергілікті тұрғындардың айтуынша бұрын соңды жол болмаған. Нәтижесінде қала әкімінің 2021-2025 жылдарға бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтардан бері аталған тұрғын алаптың барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.
Сонымен қатар, Сергелі, Шеңгелді, Беріктас, Бабата, Атауы жоқ 32,33,34,35 көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Игілік тұрғын алабында ағымдағы жылы жалпы 6,8 шақырым жолға асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жоспарланған.
Жалпы биыл бекітілген жоспарға сәйкес, қаламыздың магистралды көшелерінен бөлек ішкі орам көшелерге көбірек көңіл бөлінуде. 167 нысанда немесе 308 көшеге жүргізілуде. 2022 жылы орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда 163 нысан 303 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның ішінде магистральды 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, к. Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев )