КӨЛІГІҢІЗ КҮЛГЕ АЙНАЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ҚАПЕРДЕ ҰСТАҢЫЗ

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы  көлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын ескертеді,-деп хабарлайды uakit.kz.

Басқармадағы сала мамандары көліктің өртенуі көп жағдайда электр сымдарының тұйықталуынан болатынын айтады. Бұған  отын немесе электр жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі себепші болады. Құтқарушылар «Қыс айларында көліктерді ашық отты қолдана отырып жылытқан кезде де өрт шығады. Автокөліктің дизайнында жанғыш материалдар көп қолданылады. Сондықтан кез келген автокөлікте өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау керек»,-деп ескертеді.

Және көліктердің отқа орануын алдын алудың бірнеше ережелерін еске салады.Олар:

– автокөлікті уақтылы техникалық қызмет көрсетуден өткізу;

– көлікті үнемі тексеріп отыру, әсіресе, электр сымдарына назар аудару;

– өрт сөндіргішті қолжетімді жерде сақтау;

– қыста мұздаған бөлшектерді жылыту үшін ашық отты пайдаланбау.