ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ: ОҚУШЫЛАР БАСКЕТБОЛ СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАРЫСҚА ТҮСТІ

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен биыл үшінші рет өткізіліп отырған жалпы орта білім беру мекемелерінің арасындағы «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңінің ойыншылары баскетбол спорт түрінен жарысқа түсті, деп хабарлайды Uakit.kz.
Бүгінгі сайыс Абай ауданына қарасты №136 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт залында өтті. Кестеге сәйкес ұлдар арасындағы баскетбол спорт түрінен Д-тобында, №52 мен №136 мектептер, №56 пен №23 мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Нәтижесінде 1 ойында №136 жеңіске жетті, 2 ойында №23 мектеп оза шықты.
Сонымен қатар баскетбол ойындары А-тобы А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебінде, Б-тобы №55 жалпы орта білім беретін мектебінде, С-тобы №49 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті.
— Баскетбол жарысында барлық ойында үздік нәтижеге жетіп отырғанымыз жаттықтырушымыздың еңбегінде. Бүгінде қарсылас команданы жеңеміз деп, мықты дайындықпен келдік,- деді команда мүшесі.
Айта кетейік, «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалпы орта білім беру мекемелерінің оқушылары арасында өтеді. Сайысқа футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады. Лига командаларды қолдау бойынша қатысушы әрбір мектептен фанклубтар жасақталған.
Естеріңізде болса, ІІ маусымның жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталған болатын. Былтырғы додада шахмат бойынша 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып, Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі, Баскедболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы, ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі, футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы І-орындарды иеленген болатын.