ШЫМКЕНТТЕ ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ІС КӨП

Шымкент қаласының егістікке жарамды жерлері 39,5 мың гектар жерді құрайды, деп хабарлайды Uakit.kz.
Биылғы жылы 30,0 мың га немесе 76% жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 мың  гектарға артық. Қала аумағында қосымша өнеркәсіптік үлгідегі 5 гектар жылыжай жаңадан іске қосылды ол «Отан Agro» серіктестігі және 15 га жылыжай кешені жобасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, олар «Қарқын-2030», «Байтана Агро», «Керемет сапа» серіктестіктері. Әрбір серкітестіктің аумағы 5 гектар жерді қамтитын болады.
Егілген дақылдардың нәтижесінде 30,0 мың гектар егістік алқабынан, 94 мың  320 тонна өнім жиналды. Атап айтқанда, 20,1 мың тонна дәнді дақылдар, 3,2 мың тонна майлы дақылдар, 4,4 мың тонна картоп, 48,3 мың тонна көкөніс және бақша, 18,3 мың тонна мал азықтық дақылдары жиналды. Сонымен қатар, құны 9,8 млрд.теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылып, 252 жаңа жұмыс орны ашылды. Қала аумағында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 2 бірдей агро-индустриалды аймақты іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Біріншісі Қаратау ауданында орналасқан Мартөбе тұрғын алабындағы «Тепличный рай» агро-индустриялық аймағы. Жоспар бойынша Агроиндустриалды аймақтың І кезеңінде  9,8 млрд.теңгені құрайтын 6 жоба іске асуды жсопарлауда. Ал, екіншісі Қаратау ауданында орналасқан Қайнар бұлақ тұрғын алабындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Индустриалды аймақ 2 кезеңде  жүзеге асырылатын болады (I кезең-2022-2023 жж., ІІ кезең-2023-2025 жж.).  I кезеңде 7,7 млрд.теңгені құрайтын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Айта кету керек, есепті кезеңде ауылшаруашылық өнімінің көлемі 34,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығы — 19,9 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 14,6 млрд. теңгені құрады. Мал шаруашылығы өнімдері қатарынан 7 мың тонна  ет, 40,7 мың тонна сүт  өнімі, 105,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.