ТАЗАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТАҢҒЫ АС ТАРАТЫЛДЫ

95
0

Қаланың тазалығына жауапты жұмысшылар таңғы 5-тен бастап міндеттеріне кіріседі. Олар қыстың суығында да, жаздың ыстығында да бел жазбай еңбек етеді. Өздеріне тиісті аумақты күніне тіпті 4-5 шақырым жер жаяу жүріп тазалайды.
Қаратау ауданы аумағындағы орталық және ішкі орамдық көшелер тазалығымен айналысатын мекеме қызметкерлеріне бүгін аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 200-ге жуық еңбек адамдарына таңғы ас таратылды.
Игі шараны аудан әкімдігі қызметкерлері демушілермен бірге қолға алған. Аудан әкімі аппараты бұл шараны еңбекқор жандар қызметін бағалау әрі аудан тұрғындарын қала тазалығын сақтауға шақыру мақсатында ұйымдастырған.
«Мақсатымыз тазалық қызметкерлеріне деген құрметті арттыру, олардың жұмысының ауырлығын ескеріп, барлық тұрғындарымызды тазалыққа шақыру. Сол себепті осы суық күнде оларға жылулық сыйлап, таңғы ас ұсынғанды жөн көрдік» — дейді, аудан әкімдігінің жас қызметкері Саят Қасымбек.
Аудан әкімі аппараты тарапынан бүгінге дейін түрлі ауқымдағы игі бастамалар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі шара да сол бастамалардың дәстүрлі жалғасы болып табылады.
Еске сала кетейік, ауданның санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты мекемелерде жұмыс жасайтын қызметкерлер күнделікті аудан аумағындағы 95 орталық көше және 1002 ішкі орамдық көшелердегі әлеуметтік нысандар орналасқан 73 көшені таңертегі сағат 5:00-ден кешкі 21:00 аралығында тұрақты тазалау жұмыстарын жүргізеді.