ИРАН ПЕШІН ПАЙДАЛАНҒАН ҮЙЛЕР ТАБИҒИ ГАЗДАН АЖЫРАТЫЛДЫ
Себебі дәл осы Иран пешінің ақаулы жұмыс істеуінің салдарынан Түркістан қаласында бүтін бір үйдің отанасы төрт баласымен бірге қайтыс болған еді. Сол кезде қалада төтенше жағдай жарияланған болатын.
Түркістан қаласында жылыту маусымы қарсаңында әр секторда өрт және табиғи газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүруде. Профилактикалық шараға «Түркістан қалалық газ инспекциясы», қалалық полиция басқармасы және қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жұмылған.
Салал мамандары үйлерді аралау кезінде 16 жеке тұрғын үйдің бірқатар техникалық талаптарға сәйкес келмейін иран пешін қолданып отырғанын анықтап, абоненттерді газ жүйесінен уақытша ажыратқан. Дәл осындай иран пешін 4 кәсіпкерлік нысаны қолданып отырғаны анықталды. Оларға да ескертулер берілді.