ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ТҮНГІ АУЫСЫМДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АТА-АНАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛАДЫ
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлерде табиғи газдан уланудың және өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатына Төтенше жағдайлар басқармасы, «Түркістан қаласы Газ инспекциясы» және сектор меңгерушілерімен бірігіп үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.
Бұл туралы uakit.kz Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Өз кезегінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қаласы аумағында жалғыз тұратын қарттарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, түнгі мезгілде балаларын үйде қалдырып, жұмыс жасайтын отбасыларды анықтау және олары есепке алу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады. Сонымен қатар мекеме қала аумағындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға және жалғызбасты қарттармен мүмкіндігі шектеулі азаматарға жылыту маусымында улы газдан уланудың алдын алу, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында профилактикалық шараларды жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғастыратын болады.