БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ
Ақтөбе қаласында 11-18 желтоқсан күндері аралығында бокстан 2005-2006ж.т. жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының спортшылары Алпысбай Мейрамбек 46кг салмақта, Тілеумбек Жасұлан 57кг салмақта, ал Абдиллаев Алдияр 75кг салмақта 1-орынға ие болды. 2-орынға 54кг салмақта Жолдасбек Бек пен Бегалиев Санжар-Али көтерілді. Сонымен бірге, Сүлеймени Төлепберді 51кг салмақта, Қадырхан Айдар 54кг салмақта және Аслан Рамазан 75кг салмақта 3-орынға қол жеткізді.
Шымкент қаласының Жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Берік Серікбаевтың шәкірттері осылайша ҚР чемпионатында Шымкенттің намысын қорғап, бәсекелестерінен оқ бойы озық болды.