АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТЕКСЕРУДЕ

103
0

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте аязды күндері жылу жүйелерінен ақаулар шықпас үшін қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізетін мониторингтік топ құрылды. Олар коммуналдық сала қызметінде ақаулардың бар-жоғын анықтап, ақаулықтар табылған жағдайда, шұғыл ретке келтіретін болады.

Осыған байланысты 20 адамнан құралған 10 топ 5 ауданға бөлініп, зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі кезде қалада 323 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде денсаулық сақтау бойынша 100, мемлекеттік білім беру мекемесі 208-ді құрайды. Барлығы «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің 15 объектісі арқылы жылумен қамтамасыз етілуде.