АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒАН МОНИТОРИНГТІК ТОП ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТЕКСЕРУДЕ

91
0

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте аязды күндері жылу жүйелерінен ақаулар шықпас үшін қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізетін мониторингтік топ құрылған. Аталған топ коммуналдық сала қызметінде ақаулардың бар-жоғын анықтап, ақаулықтар табылған жағдайда, шұғыл ретке келтіретін болады.

Осыған байланысты 20 адамнан құралған 10 топ 5 ауданға бөлініп, зерделеу жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінгі мониторинг нәтижесінде 323 әлеуметтік нысанның 107-іне зерделеу жүргізілді. Ешқандай ақаулар анықталған жоқ.

Қазіргі кезде қалада 323 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде денсаулық сақтау бойынша 100, мемлекеттік білім беру мекемесі 208-ді құрайды. Барлығы «Қуатжылуорталық-3» МКК-нің 15 объектісі арқылы жылумен қамтамасыз етілуде.