ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛДІ
Бүгінгі таңда Әл Фараби аумағына қарасты елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрады. Аталған жұмыстар Шымкент қаласын дамытудың жоспары аясында атқарылды. Әл-Фараби ауданы әкімдігі өкілдері жуырда екі елді мекеннің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді, дейді.
Солардың бірі Сәуле шағынауданы «Жаңабазар» көшесінде өткен жылы су құбырлары тартылып, қалып кеткен 40-тан астам үйге сапалы ауыз су жетті. Құрылыс жұмыстары «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тіршілік нәрі тұрғындардың игілігіне берілді.
Сонымен қатар, Текесу елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары «Жаңару» мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда, құрылыс аяқталып, абоненттеу жұмыстарынан кейін су берілді. Жалпы Текесу елді мекенінде 140 шаңырақ бар.