МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БОЛУЫ ТИІС — ГҮЛНАЗ СҮЛЕЙМЕНОВА

173
0

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың Түркістан облысына іс-сапарамен келді.

Алдымен комитет төрағасының орынбасары Гүлназ Төрәліқызы Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінде, департамент ұжымымен кездесті. Кездесуді департамент басшысы Ғалымжан Бауыржанұлы ашып беріп ұжым қызметкерлерімен таныстырып атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін баяндады. Өз кезегінде Гүлназ Төреәліқызы комитеттің негізгі функционалдық міндетіне тоқталып, білім мекемелерін атестаттауға байланысты біршама өзгерістерді айтып, әдістемелік көмек көрсету жолдарын түсіндірді.
ҚР Оқу –ағарту министрлігінің бастамасымен жаңа форматта жұмысты қолға алынып «Бірлескен төрттіктің жаңа жұмыс тәсілі» қабылданған болатын. Осыған байланысты Гүлназ Сүлейменова аталған одақтың жұмысымен жақыннан танысу мақсатында кездесу өткізді. Келесі кезекте , мемлекеттік атесттаттау комиссиясы құрамына тартылған сарапшылар мен кездесу өтті. Кездесу барысында сарапшылар тарапынан айтылған ҰББДҚ көрсетілетін ғаламтордың жылдамдығы, балабақшалардағы үлгілік оқу жоспарындағы іс-әрекеттердің сәйкес келмеуі секілді өзгеде ұсыныстарын тыңдады.

«Әр мекеме мемлекеттік атестаттаудан өтер кезде білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес болуы тиіс. Одан бөлек, кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагогтеріне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуына да баса назар аудару қажет » деді Гүлназ Төрәліқызы.

Жұмыс жоспарының жалғасын кәсіподақ ұйымының төрғаларымен жалғастырды. Кездесу барысына білім беру ұйымдарында заңнамалардың, педагог әдеп қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету және сала қызметкерлерінің әлеуметтік — экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, сала қызметкерлерінің кәсіби, еңбек және әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау және оларды жүзеге асыруға жағдай жасау айтылып. Білім беру ұйымдарында әлеуметтік әріптестікті дамыту; сала қызметкерлерінің заңды мүдделерін қорғау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын үйлестіру. Білім беру ұйымдарындағы тарификациялық, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерделеу, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарға бақылау жасау жайында да сөз болды.
Өз кезегінде комитет төрағасының орынбасары Гүлназ Төреәліқызы Департамент жұмысымен танысып әдістемелік бағыт-бағдар берді.