БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ЖЕТІ СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНАДЫ

78
0
Биыл Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жеті ашық спорт алаңшасын орнату жоспарлануда. Жыл соңына дейін тұрғындардың талабы ескеріліп, Тұранда — 2, Нұртаста — 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабында — 1 спорт алаңы бой көтереді.
Жобада жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған орындар қарастырылған. Заманауи талапқа сай бой көтеретін алаңшалар бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Орнатылатын ойын және спорт элементтерінің басым бөлігі — Шымкенттегі кәсіпорындарда өндірілген отандық өнімдер. Өткен жылы Қаратау ауданында осы бағдарлама шеңберінде 26 жоба бойынша аулалар абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылған болатын.
Айта кету керек, былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Шымкенттегі Қаратау ауданында 26 балалар ойын алаңшасы халық игілігіне берілді. Балалар ойын алаңшасының басым көпшілігі «Тұран» шағын ауданында орналасқан, есеп бойынша 20 үй ауласына 9 алаңша орнатылды. Бұдан бөлек «Нұрсәт» тұрғын алабындағы 6 үй ауласына 3, «Ақжайық» шағын ауданындағы 11 үй ауласына 5, «Асар» шағын ауданындағы 7 үй ауласына 3, «Шымсити» шағын ауданындағы 10 үй ауласына 4, «NewCity» тұрғы үй кешеніне 1, «Асар-2» шағын ауданындағы Жезкиік көшесі аумағына 1 алаңшалар салынды. Бағдарлама шеңберінде бірқатар ілкімді істер атқырылып, халық тарапынан сенім нығая түскендігі қашан.  Бұдан бөлек, Абай аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген. 2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 2021 жылы  7 жоба 7 үй ауласы абаттандырылды. Жоба құны 186,5 млн.тг. 2022 жылы 32 жобаға 5 үй ауласы 27 елді мекенде спорт алаңшалары орнатылды. Жоба құны 956,1 млн.тг. 2023 жылға 25 жоба сметалық есептер әзірленуде. Жоба құны 625,3 млн.тг. Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.