ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

67
0
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды. Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде 15 мыңнан астам халық тұратын елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады. Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылады тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.
Шымкент қаласында инфрақұрылым саласын дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Әсіресе, табиғи газбен, электр қуатымен, ауыз сумен қамту, көгалдандыру мен абаттандыру бағыттарына басымдық беріліп отыр. Мәселен, Шымкент қаласы Қаратау ауданда өткен 2022 жылдың өзінде 51 ойын және спорт алаңын салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Биылғы жылы да Қаратау ауданы аумағында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 34 ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілмек. Мұнан бөлек өткен жылы 22 көшенің бойына су алу қаупінің алдын алу мақсатында ирригациялық жүйе жүргізілді. Биыл тағы 8 көшеге ирригациялық жүйелер тарту жоспарланған. Еңбекші ауданында қалаға жаңадан қосылған Қарабастау, Жұлдыз, Қаратөбе, Тоғыс, Жыланбұзған және Айнатас тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Биыл толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2022 жылы Еңбекші ауданында 9 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында электрмен қамтылса, биыл 5 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр екен.
Ал, Әл-Фараби ауданына тоқталар болсақ, өткен 2022 жылы Сәуле шағын ауданы мен Текесу елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде ауданда ауыз су мәселесі толығымен шешіліп отыр. Оған қоса өткен жылы Ақтас-2 елді мекені мен 195 орамда газ құбыры тартылды. Ал, биыл 276-шы орамда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр.