БИЫЛ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 22 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

71
0
Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше-даңғыл мен өткелдер бар. Жолдардың 230 шақырымы асфальт, 25,7 шақырымы тас жолды және 4,3 шақырымын топырақ жол құрайды.
Ағымдағы жылы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Әл-Фараби ауданында 22 көшеге ораташа жөндеу және 14 көшеге шағал тас төсеу бойынша жұмыстар атқарылады. Сонымен қатар, шағал тас төсеу үшін Сәуле шағын ауданындағы атауы жоқ 14 көше ұсынылды. Сонымен қатар Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары бойынша, көлеміне қарай 7 секторға бөлінген. Әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Ішкі орамдағы аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.» ЖШС-і және «Жасыл Ел» ЖШС-і айналысуда. Аталған мекемелер аудан аумағындағы 273 ішкі орам көшелерін және 623 аулада санитарлық тазалау жұмыстарын атқарылуда. Жалпы аудан аумағындағы қураған және апатты ағаштарды қырқу, шөп ору, жасыл желектерді қырқу, ағаштарды әктеу жұмыстарына 148,0 млн. теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сенімді құрылыс» ЖШС өз жұмысын бастады. Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып, тұрғындардың пайдалануына берілді. 2023-2024 жж. 110 балалар ойын алаңшаларын абаттандыру жоспарлануда Сонымен қатар, 2023 жылы 39 балалар ойын алаңшасы орнатылады. Айта кету керек, бүгінгі таңда Әл Фараби аумағына қарасты елді мекендерді ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші 100% құрады. Аталған жұмыстар Шымкент қаласын дамытудың жоспары аясында атқарылды. Әл-Фараби ауданы әкімдігі өкілдері жуырда екі елді мекеннің тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізді. Солардың бірі Сәуле шағынауданы «Жаңабазар» көшесінде өткен жылы су құбырлары тартылып, қалып кеткен 40-тан астам үйге сапалы ауыз су жетті. Құрылыс жұмыстары «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК тарапынан жүргізіліп, тіршілік нәрі тұрғындардың игілігіне берілді. Сонымен қатар, Текесу елді мекенін ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары «Жаңару» мердігер мекемесі тарапынан жүргізілді. Қазіргі таңда, құрылыс аяқталып, абоненттеу жұмыстарынан кейін су берілді. Жалпы Текесу елді мекенінде 140 шаңырақ бар.