ШЫМКЕНТ «АЛТЫН ТҮЙМЕ» БЕЛГІСІН АЛТЫНШЫ РЕТ ИЕЛЕНДІ

67
0

Қазіргі таңда ел экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады. Мемлекет басшысы жыл сайын Қазақстан халқына Жолдауында цифрландыру заман талабын екенін алға тартып, барлық салады «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы іске асыруын Үкіметке жүктейді.

Шынында, әлем күрделі өзгерістер кезеңіне аяқ басып, жедел өзгеріп жатқан кезеңде еліміз Қазақстан үшін бұл саланы дамытудың өзектілігі өте жоғары болып отыр. Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Цифрлік сауаттылық – бұл адамзат өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, жаңа ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрландыруда білім саласын кеңінен қолданып отыр. Әсіресе 2020 жылы елге келген пандемия бұл саланың қысқа мерзімде игерілуіне алып келді. Бүгінге келіп, Шымкент қаласы биылғы оқу жылында да цифрлық білім беру үдерісінде республика бойынша көш бастап отыр. Білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдары элекрондық журналды жүйелі толтыруы, мектеп мәзірінің сандық нұсқасын талапқа сай жүргізуі нәтижесінде осымен алтыншы рет «Алтын түйме» белгісін иеленіп отыр. Бұған дейін жергілікті білім ұйымдары «Алтын түйме» белгілеріне 2020-2021 оқу жылында – 2 рет, 2021-2022 жылында -2 рет және 2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында ие болған еді. «Алтын түйме» белгісі Kundelik.kz жүйесіндегі мәліметтер негізінде білім ұйымдарының электрондық журналдарды сапалы және уақтылы толтыруы ескеріле отырып беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарындағы «Электрондық журналдар мен күнделік жүйесін енгізу» тапсырмасы бойынша Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты орта білім беретін ұйымдары 2016 жылдан аралас, 2020 жылдан бері толық бірыңғай Күнделік ЖШС ұсынған электронды журналына көшкен болатын. Бүгінге келіп қаладағы жалпы білім беру ұйымдары бағыныстылығына қарамастан толығымен «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделік жүйесімен жұмыс жасайды. Аталған электронды журнал педагогтердің қағазбастылық жұмысынан арылту және оқушылар мен олардың ата-аналарының кез-келген уақытта сабақ кестесін, бағалар тізімін, сабақ реттілігін көру үшін ашықтық мақсатында пайдаланылуда.