ЖАСТАРДЫҢ СҰРАНЫСЫ ОРЫНДАЛДЫ

113
0

Шымкент қаласында жастардың сұранысымен скейт парк ашылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгін 19 маусым – қала күніне орай, бірқатар әлеуметтік нысандар халық игілігіне табысталуда.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов экстремалды спорт түрлеріне арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуына қатысты. “Скейт элементтері бар алаң жастарымыздың сұранысы бойынша қолға алынды. Өскелең ұрпақтың өтінішін ескеріп, жаңа нысанды Қала күніне орай пайдалануға бердік. Біз қашан да осындай ерекше жобаларға қолдау көрсетуге әзірміз”, – деді М. Дүйсенбекұлы. Қаламыздағы скейт элементтері бар алғашқы алаңда скейтбординг, BMX сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алады. Бұл жаңа кеңістік бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында орналасқан, онда скейтпен сырғанау алаңынан өзге воркаут аймағы, көше тренажерлары, роллердром, баскетбол алаңы, және әткеншектері бар тыныш аймақ та бар. Заманауи талапқа сай жабдықталған скейт парк мегаполис жастарының бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналады. Айта кетейік, Шымкент сити шағын ауданында жаңа саябақ салу жоспарлануда. Жаңа қалашықтың жалпы ауданы 20,4 га құрайды, бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар толық жүргізілуде. Бұған дейін» Шымкент Сити » аумағын дамыту жоспарына 15 инвестор тартылып, тұрғын үй құрылыстары қарқын алды. Сондай-ақ, заманауи ғимараттар, бизнес-кеңселер, әкімшілік-іскерлік орталықтар салу үшін инвестициялық жобалар тартылды. Сонымен қатар, жеке инвесторларды қаржыландырумен мұнда әрқайсысы 1200 орындық 300-ге жуық жаңа көпқабатты тұрғын үй, 3 мектеп, балабақша, емханалар, саябақтар мен конгресс-холлдар салынуда. Саябақтың құрылысына келетін болсақ, нысанның көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңы, 19 спорт алаңы орналасады. Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салу, 5 мыңнан астам ағаш көшеттерін, 7 мыңнан астам гүл, 6 мың бұта отырғызу жоспарлануда. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қаланың келбеті тағы бір саябаққа айналатынын, қаланы көгалдандырудың арқасында қаланың атмосферасы ашылатынын атап өтті. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.