КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

37
0
15 жылға жуық жөндеу көрмеген №1 қалалық клиникалық ауруханасына қазір жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов 520 төсек-орындық емдеу мекемесіндегі құрылыс барысын қадағалады. Қазіргі таңда ғимараттың К корпусының жұмыстары аяқталып келеді.
Жобада ғимараттың кәріз желісін, едені мен қабырғасын, жылу беру жүйелерін жаңалау қарастырылған. Сондай-ақ құрылысшылар ескірген есік-терезелерін толығымен ауыстырып, емдеу кабинеттерін заманауи үлгіде жасақтайды. Жобаға сәйкес осындай жұмыстар аурухананың А және Б корпустарына да атқарылатын болады. Өндірістік кестеге сай құрылыс келер жылдың қазан айында пайдалануға беріледі. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын жиі бақылап, ғимараттың науқастар үшін қолайлы жасақталуына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кету керек, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жоғары медицина колледжі – Қазақстандағы орта медициналық білімі бар кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша көне оқу орындардың бірі болып табылады. 2022-2023 оқу жылында 592 білім алушы мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 424 білім алушыға артты. Оның 45 %-ы мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алушыларды құрайды. Аталған білім ордасында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын студенттердің жан басына мемлекет есебінен киім-кешекке жылына 199 700 теңге, бітіруші түлектерге 288 800 теңге, тамақтануға күніне 1 500 теңге қаралған. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 20 бала күнделікті ыстық тамақпен және ай сайынғы 30% үстемесі бар шәкіртақымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, колледжде барлығы 2096 студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс негізінде 940 студент, келісім-шарт негізінде 1156 студент білім алады.