КҮН САЙЫН ШЫМКЕНТТІ 1273 ЖҰМЫСШЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТАДЫ

47
0
Әр күн сайын 1273 жұмысшы миллион тұрғыны бар Шымкентті тазалауға шығады. Олар екі ауысымда жұмыс істейді және әрбір белгіленген аумақ, көшені қоқыстан мұнтаздай етіп тазалайды.
Ең алдымен қаладағы магистральді көшелердің бойын тазалау міндеттелген. Яғни, қаладағы 433 магитральды көшенің қоқысы таңғы сағат 6.00-де басталып, түскі сағат 14.00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, жауын-шашын салдарынан су басудың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазаланады. Сонымен мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында 5 ауданнан аталған жұмыстарға күнделікті Абай ауданынан 391 жұмысшы, 22 техника, Әл-Фараби ауданынан 133 жұмысшы, 11 техника, Еңбекші ауданынан 250 жұмысшы, 17 техника, Қаратау ауданынан 375 жұмысшы, 43 техника және Тұран ауданынан 124 жұмысшы, 11 техника жұмылдырылады. Айта кету керек, бүгінде Нұрсәт шағынауданында 105, 106, 107, 108 көпқабатты үйлер ауласы абаттандырылып, көгалдандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге абаттандырылып жатқан аулаларды аралап, жұмыстардың барысын пысықтады. Биыл аудан аумағында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта жыл соңына дейін 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Алаңшалар Тұран, Нұртас, Таскен және Өтеміс тұрғын алаптары мен елдімекендерінде салынады. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жөндеу жүргізіліп, балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылатын болады. Мұрат Дүйсенбекұлы мердігерлерге ең алдымен балалар қауіпсіздігін ескеріп, тұрғындарды жайлылығы үшін құрылысты тиісті талаптарға сай жүргізуде тапсырды. Алаңшаларды орнатуда жергілікті тұрғындардың да ұсыныстарын ескере отырып, нысандарды өндірістік кестеге сай қолданысқа беруді ескертті.