ШЫМКЕНТТЕ 24-25 ТАМЫЗ КҮНДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТЕДІ

71
0
Білім саласы қызметкерлерініңдәстүрлі тамыз кеңесі биылғы жылы бірыңғай республика көлемінде «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» тақырыбымен Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 24-25 тамыз күндері өтетін болады.
Кеңес жұмысының негізгі бағыттары білім беруді цифрландыру,Ұлттық білім берудегі деректер қоры, мектептегі интернет,білім берудегі оқыту ресурстары, ақпараттық-коммуникативтік технология, электронды оқулықтар, мультимәдениетті орта қалыптастыру және мемлекеттік қызметтегі автоматтандыру болып табылады. Кеңес аясындағы секциялық жұмыстар 24 тамыз күні сағат 9-00 «Қазақстан халықтар Ассемблеясы» ғимаратында өткізу жоспарланған. Оған өңірлерден келген қонақтар мен білім беру ұйымдарының басшылары (барлығы 800 адам) қатысады. Секция отырыстарының модераторы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің басқарма басшысыМ.Б.Маралбаева. ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаментінің директоры А.А.Тиштыбаев және«А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ төрағасы М.Аманғазы баяндама жасайды. Тамыз кеңесі барасында білім саласы бойынша секциялық жұмыстардың негізгі 5 бағыты таныстырылады. Цифрлық білім беру платформалары және электрондық ақпараттық жүйелер өздерінің жұмыс бағыттары мен өнімдері туралы көрме жасап, тәжірибелерімен бөліседі.

Атап айтқанда:
І БАҒЫТ. Цифрлы асхана электрондық жүйесі туралы
«Төлем» ЖШС- атқарушы директоры С.К.Исмаилов
«БУФЕТ» электронды ақпараттық жүйесі- бас директоры М.М.Кожан
«Е-асхана» электронды ақпараттық жүйесі- директоры Н.М.Сейтбеков
ІІ БАҒЫТ. Цифрлық білім беру платформалары туралы
«Bilim Media Group»компаниясы- директоры С.Кенжеханұлы
«DarynOnline»компаниясы — проект менеджері А.Рысдаулет
«EduCon»жобасы — бөлім басшысы Д.Б.Бультируков
«EDUS»цифрлық білім беру платформасы — директоры У.О.Курбанбаев
ІІІ БАҒЫТ. Сандық платформалардың қызметтері мен жаңа мүмкіндіктері
«Күнделік» электронды журналы, «Цифрлық педагог», «Мектеп Меню» Күнделік.кз. платформасы- бас директоры М.Ильясов
IV БАҒЫТ. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру туралы
Topiq.kz. электрондық оқулықтар платформасы- “Алматыкітап баспасының” Цифрлық контент департаментінің директоры, п.ғ.к.,2,4 сыныптарға арналған “Әдебиеттік оқу” ОӘК авторы, 3 сыныптарға арналған “Цифрлық сауаттылық” оқулығының авторы Ә.Д.Рысқұлбекова;
«Oqylyq.kz» — қашықтықтан қашықтықтан білім беру платформасы- бас директоры Б.Теміржан «Көкжиек-Горизонт» баспасы- редакторы Р.С.Акышева
V БАҒЫТ. Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру, кәсіптік және техникалық, қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру.