БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ 13 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫ ТӨСЕЛДІ

83
0

Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу қабылдайды. Қазіргі таңда, сол 857 көпқабатты тұрғын үйдің 455-іне сығымдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жалпы аудан бойынша қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 53% құрап отыр. Қалған көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-і мен және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетушілермен бірлесіп, арнайы іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев айтты. 

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы тұрғындарының 99,9% табиғи газбен, ал, 100%-ы ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз етілген. «Сәуле» ш/а 276-орамдағы табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары «Ремстрой» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, аудандағы табиғи газбен қамту көрсеткіші 100% құрайтын болады. Жалпы аудан аумағында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 233,2 шақырымын (89,7%) асфальт жол, 22,5 шақырымын (8,7%) тас жол және 4,3 шақырымын (1,6%) топырақ жол құрайды. 2023 жылы барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу бойынша ұсыныстар қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізіліп, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 13 көшеге асфальт жабындысы төселді. Аудан аумағындағы 110 көше жарықтандырылған. 2023 жылы 14 көшені жарықтандыру мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына ұсыныс енгізіліп, оның ішінде 8 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.