ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ: НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

68
0
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
Ал құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктер көрсетілуге жатады. Бұл туралы Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен баспасөз брифингінде өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қадыржан Панбаев айтты.
Мүліктің тізбесіне:
– жылжымайтын мүлік;
– жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
– әуе және теңіз кемелері;
– ішкі суда жүзу кемелері, «өзен–теңіз» суларында жүзу кемелері;
– көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер жатады;
– сонымен қатар, барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүліктер туралы:
– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
–Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
– бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
– инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері сияқты деректерді көрсету қажет;
– Сондай–ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерішегінен аспайтын сомадағы қолма–қол ақша көрсетіледі;
– Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешектерді қоспағанда, міндеттеме немесе талап туындауына негіз болатын, нотариалды куәландырылған келісімшарт немесе басқа құжат болған кезде жеке тұлғалардың біреулер алдындағы қарыздары (кредиторлық берешек) және (немесе) басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы қарыздары (дебиторлық берешек) көрсетіледі;
– Бұдан басқа, қымбат тұратын мүлік, мысалы, бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын өнер туындылары және сол сияқты құнды дүниелер (заттар) болған жағдайда, жеке тұлға қалауы бойынша осы мүлікті бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде декларацияда көрсетуге құқылы.