МЕГАПОЛИС ТЕАТРЛАРЫ ЖАҢА МАУСЫМДА ҚАНДАЙ ҚОЙЫЛЫМДАР ҰСЫНУДА

38
0
Шымкент қаласының Өңірлің коммуникациялар орталығында мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарамасының мәдениет және тарихи-мәдени мұраны сақтау бөлімінің басшысы Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы және Шымқаланың алты театрының басшылары Шымкент қаласындағы театрлардың ашылу маусымы және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ұсынылатын қойылымдар туралы ақпараттарымен бөлісті.
«Театр-рухани байлықтың қайнар көзі. Қазақ тарихында «театр» ұғымы болмаса, қазақ өнерінің белгілі бір деңгейде даму жолы қиынға түсуші еді. Ерекше сағынышпен, асқан махаббаттарымен театрдың әр қойылымын аңсап күтетін қадірлі көрермендерді көргенде көзіміз тоятыны жалған емес. Осындай өнер сүйер қауым үшін театр ұжымдары да сапалы қойылымдар қоюға тиісті жұмыстар жүргізіп келеді»,- деді Бауыржан Орынтайұлы. Жалпы, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 6 театр қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде. Атап айтсақ, Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры. Шымкент қалалық орыс драма театры. Шымкент қалалық өзбек драма театры. Шымкент қалалық опера және балет театры. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры. Ағымдағы жылы аталған 6 кәсіби театрдың жұмыс жоспарына сәйкес 28 жаңа қойылым, 1127 ағымдағы қойылым, 59 гастрольдік іс-сапар және 246 050 көрермен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, 8 айда Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Серінің сергелдеңі», «Ахан» лирикалық драмасы, Шымкент қалалық өзбек драма театрында «Сәби» драмасы, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының «Кейкінің кегі», тағыда басқа жалпы 13 Премьера көрермен назарына ұсынылды. Ағымдағы репертуарлық 738 қойылым қойылып, 131 018 көрермен тартылды. Оның ішінде ақылы келушілер саны 59875, қайырымдылық- ақысыз қойылымдарға келуші саны 71 143 көрерменді құрайды.
Гастрольдік іс-сапар бойынша ағымдағы жылдың 13-28 ақпан күндері Қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдығына орай, «Шымкенттен шашу» Жамбылы облысы, Тараз қаласы, Жуалы ауданы, Түлкібас, Ордабасы аудандары, Түркістан облысында, ал, 23-27 мамыр күндері Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры Алматы, Түркістан қалаларында, У.Шекспирдің шығармалары желісі бойынша «Қораз» трагикомедиясы қойылымен халық назарына ұсынылды. Жалпы республика аумағында 38 гастрольдік іс-сапармен қойылымдар қойылды. Алдағы, 6-10 қыркүйек аралығында Шымкент қалалық орыс драма театры Алматы қаласының М. Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрына «Театр, или шум за сценной», «За двумя зайцами» қойылымдарымен гострольдік іс-сапарға шығады. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры 27 наурыз күні Көкшетау қаласында «Сәлем» Халықаралық комедиялық театр фестивалінде М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясымен қатысып, «Үздік музыкалық безендіру» номинациясын иемденді. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры сәуір айының 21-28 күндері Алматы қаласында өткен «Ортеке» VІ Халықаралық қуыршақ театрларының фестиваліне Қ.Исаевтың «Саяхатшы тасбақа» ертегі қойылымымен қатысып, ҚР мәденит және спорт Министрінің «Қуыршақ театры өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқаны үшін» Алғыс хатымен марапатталды. Маусым айының 2-4 күндері Қарағанды қаласында өткен «Кукляндия» халықаралық ашық фестивальне және маусым айының 25-29 аралығында III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Фестиваль қонақтары: Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары қатысқан болатын. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры фестивальге В.Малюченконың «Масақ» ертегі қойылымымен қатысып, «Ең үздік балалар қойылымы» және «Үздік драматургия» номинацияларымен марапатталды. Жыл соңына дейін 6 театрда 389 қойылым қою жоспарланып отыр. Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Республика күніне орай, Д. Рамазанның «Абылайханның арманы» тарихи драмасы, М.Байғұттың «Жоғалған жұрнақ» драмасы, Өзбек драма театрында Ж.Сайитовтың «Тапқыр қозы» ертегісі, С. Ахмадтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған «Ақша» премьерасы, Қуыршақ және жасөспірімдер театрында Ә.Файзуллаұлының «Үй таңдаған лақ» ертегісі, О.Бөкейдің «Құлыным менің» психологиялық драмасы, Е.Локшинаның «Винни Пух» ертегісі, орыс драма театрында Николай Шуваловтың «Три весёлых гнома» ертегісі, Дэйв Фримэннің «Люкс для иностранцев» комедиясы тағы басқа қойылымдар көрермен назарына ұсынылатын болады. 26 тамыз күні Шымкент қалалық опера және балет театры Т. Жармұхамбеттің «Домалақ ана» операсымен 16 театр маусымын ашса, 1 қыркүйек күні А.Пушкиннің «Пиковая Дама» драмасымен Шымкент қалалық орыс драма театрының 94 театр маусымы, ал, 4 қыркүйек күні А. Маудановтың «Кейкінің кегі» драмасымен Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 театр маусымы ашылды. 7 қыркүйек күні М. Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театры мерейлі 90 маусымын ашады, 14 қыркүйек күні Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының 16 маусым ашары С. Ваннустың «Сұлтанның аты Сұлтан» трагикомедиясымен, 28 қыркүйек күні Шымкент қалалық өзбек драма театрының 21 театр маусымының ашылуы Жоэль Помраның «Сәби» драмасымен өтетін болады. 2023 жылдың жоспарына сәйкес, 6 театрдың жаңа қойылымдары үшін бюджеттен жалпы 55 995 мың теңге бөлінсе, бүгінде оның 50 043 мың теңгесі игеріліп, жаңа қойылымдар театр көрермендеріне ұсынылуда. Сонымен қатар, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының көрермендер саны бойынша жылдық жоспардың 50%, Орыс драма театры 60%, Өзбек театры 62%, Опера және балет театры 78%, Әзіл-сықақ және сатира театры 45%, Опера және балет театры 78%, Қуыршақ және жасөспірімдер театры 60% орындап отыр.