ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР КЕЗЕКТІ РЕТ ӨРТТІҢ ОРТАСЫНДА

84
0

Ағымдағы жылдың 21-шілдесінде Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері кезекті рет келіп түскен хабарлама бойынша қызыл жалынмен күресуге кетеді.

Атап айтқанда сол күні сағат 21:40 минутта Түркістан қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне қаладағы Ш.Айманов көшесіндегі үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келеді. Келіп түскен хабарлама бойынша құтқарушылар сағат 21:46 минуттта өрт шыққан жерге жедел жетеді. Өрт үй ауласында орналасқан кондитерлік цехта болған. Тілсіз жау аз уақытта жалпы аумағы 120 шаршы метр цехтың асхана бөлмесін (30 шаршы метр) жайпап тастаған. Сонымен қатар 100 шаршы метр жаппасы түгел жанған. Өрт сағат 22:35 минутта толық сөндірілген. Өрттен зардап шеккендер мен күйік шалғандар жоқ. Десе де №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қаперден шығармауды ескертеді.