ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 1000-НАН АСТАМ БАЛА ЖАТТЫҒАТЫН ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

45
0
Бұқаралық спортпен халықтың шұғылдануын арттыру, спорт саласының жандануына тұрақты жағдай жасау — Мемлекет басшысы жүктеген маңызды тапсырмалардың бірі.
Осы орайда, бүгін Қаратау ауданы аумағындағы Шапырашты елді мекенінде жаңа “Sarybai” спорт кешені тұрғындардың игілігіне берілді. Жергілікті меценат, белгілі спортшы М.Қыпшақбаевтың бастамасымен құрылысы бастау алған спорт кешенінде спорттың бес түрі бойынша арнайы залдар қарастырылған. Жалпы 1000-нан астам баланы қамтуға жабдықталған кешенде арнайы сала бапкерлері өз қызметтеріне кірісті. Құрылтайшылар тарапынан қызметкерлерді жұмыспен, қатысушыларды арнайы спорт киімдері, құралдарымен қамту мүмкіндіктері толық қаралған. Алдағы уақытта аудан аумағындағы шалғай елді мекендерде де ауқымды спорт нысандары ашылатын болады. Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тұрдыабад тұрғын алабында кешенді спорт және балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Досбол Есілбек қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады. “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында биыл Еңбекші ауданында 29 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланған. Одан бөлек 7 кешенді спорт және балалар ойын алаңшаларын орнатылады. Қазіргі уақытта 20 балалар ойын алаңшасы және 6 кешенді спорт алаңша тұрғындардың игілігіне берілді. Қалған алаңшаларды биылғы жылдың қазан айында тапсыру жоспарда бар. Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында қолданысқа берілген шағын алаңшаның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы 0,70 гектарды құрайтын алаңшада футбол, баскетбол ойнауға арналған алаң және заманауи жаттығу элементтері орналасқан. Қаратау ауданында жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу қажет деген тапсырма берді.