ЭТНОСАЯБАҚТАҒЫ АҒАШТАРДЫҢ ҚУРАУЫ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

84
0
Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ержан Жолдасов және «Группа Интеко» ЖШС-нің аграномы Талғат Юсуповтың қатысуымен өткен брифингте айтты.
«Этносаябақтағы «Эльдар» қарағайының қурау себебі – климаттың өзгеруіне байланысты болып отыр. Ол жердегі «Эльдар» ағашы 5 мыңнан асады. Бұл ағаштың қазіргі таңда 700 түбін кесеміз, қалғандарын емдеу арқылы аман алып қалдық. Емдеуді күн жылығанда тыңайтқыштар беріп жүргіземіз. Мүлдем емдеуге келмейдін ағаштарды кесуге тура келеді. Бұл болып жатқан жағдай біздің қаламызда емес, өзге өңірлерде де болып отыр», — деді басқарма басшысы. Баспасөз мәжілісінде «Группа Интеко» ЖШС-нің аграномы Талғат Юсупов, “Эльдар” қарағайы туралы толығырақ түсіндіріп өтті. «Қылқан жапырақты ағаштардың ішіндегі ең жылу сүйгіш қарағай бұл –«Эльдар» ағашы. Бұл ағаштың қабыршақтары жұқалау. Сымаласының сұйықтығы жоғарылау. Сол себепті суыққа төзімділігі аз. Соған байланысты, суыққа қарсы емдеу шараларын, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді агроном. Айта кету керек, жуырда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Shymkenт City шағынауданында болып, мұнда жаңадан салынатын саябақ құрылысының жобасымен танысты. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағынауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде.  Бұған дейін Shymkenт City аумағының даму жоспарына 15 инвестор тартылып, тұрғын үй құрылыстары қарқын алған болатын. Сондай-ақ заманауи ғимараттар, бизнес кеңселер, әкімшілік-іскерлік орталықтар салуға сырттан да инвестициялық жобалар тартылған. Сонымен қатар мұнда жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жаңадан 300-ге жуық көп қабатты тұрғын үй, әрқайсысы 1200 орындық 3 мектеп, балабақшалар, емхана, саябақ және конгресс-холл құрылыстары жүргізілуде.  Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады.