АСАР-2 ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛАТЫН БОЛДЫ

96
0
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асар-2 шағын ауданындағы Алмаз көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады.
Жергілікті халық жолды кеңейту жобасының тиімсіз екенін алға тартты. Осыған дейін жоба бойынша аталған көшенің енін 60 метрге кеңейту жоспарланған болатын. Алайда қала басшысы тұрғындардың шоғырлану ерекшеліктері мен өтініш-тілектерін ескере отырып, халыққа еш зияны тимейтін шешім шығаруға уәде берді.
Қала әкімі тұрғындармен кездесу барысында жауаптыларға көтерілген мәселеге байланысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ тиісті басшыларға Бас жоспар негізінде азаматтарға «қызыл» сызық аумағына енбейтініне көз жеткіздіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.