ОҚУШЫЛАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

4500
0

Бүгінде жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін түрлі бастамалар қолға алынып жатыр. Бұл қатарда мектептердегі орын тапшылығын жою, қосымша білім беретін мекемелермен қамту сынды тың бастамалар бар. Әйткенмен саладағы бүкіл мәселе мұнымен шешіледі дегеннен аулақпыз. Өйткені қазіргі уақытта өскелең ұрпақ арасында сан түрлі заң талаптарына томпақ келетін әрекеттер жиіледі. Бұл ғана емес, ащы суға құмарлық, шылымға тәуелділік сынды адам баласын құрдымға батыратын жайттар жа көбейген. Ал мұнымен күрес басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Әйтпегенде арты орны толмас өкінішке ұрындыруы бек мүмкін. Сәйкесінше, бұл бағытта Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстардың қатары қалың. Бүгінгі материалымызда осы тақырып турасында тарқата баяндамақпыз.

Бұдан біршама уақыт бұрын Түркістан қаласындағы «Tulga School» жалпы орта білім беретін мектебінің 2023-2024 жылғы оқу жылына бекітілген құндылықтарға негізделген тәрбие жоспарына сәйкес және Түркістан облысының Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастамасымен «Жасөспірімдер арасында ұйымдасқан қылмыстың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Оны мектеп директоры Бакиров Мардан Бақытжанұлы ашып, жүргізіп отырды. Келелі кездесуге Түркістан облысының Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Қапанов Жандос Сейітханұлы, Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі полиция капитаны Қаражігітова Айбат Болатқызы, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарлары Қалықұл Құрманғазы Серікбайұлы мен Мырзағұл Ынтымақ Құлахметұлы және мектептің 10-11 сынып оқушылары мен менторлары қатысты.

Жиын барысында сөз алған Түркістан облысының Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Қапанов Жандос Сейітханұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне басымдық беру, жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу,  зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар мен олардың отбасын қорғау бойынша жұмыстар жүргізуі туралы тапсырмасының негізінде басқосудың ұйымдастырылғанын атап өтті. Әрі қарай қаладағы жасөспірімдердің өзінің сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кездері қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін нақтылады. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған оқушылардың беймезгіл уақытта заңды өкілдерінің қадағалауынсыз қалада қыдырмауы, түнгі уақыттарда ойын клубтарына бармау қажеттігі, заңсыз әртүрлі ұйымдарға мүше болмауы, оны басқармауы, ондай ұйымдарға ақша жинауға және ақпараттық көмектер бермеуі, өзінен әлсіз балаларға, ұлдардың қыз балаларға әлімжеттік жасауы қылмыс санатында есептелетіндігі, интернет арқылы, кибербуллингтен ұзақ болуы, төменгі сынып оқушыларынан немесе күші жететін оқушылардан ақша немесе өзге да бағалы заттарды (ұялы телефон және т.б.) бопсаламауы, интернет желісінен алаяқтарға алданып қалмауы, танымайтын белгісіз адамдардың күдікті таппсырмаларын орындамауы, қаланың әрбір аудынында аудан, қалаға, көшеге бөлінбеуі, өз аймағында «бақылаушы» бұзық балалардың қалыптасуына жол бермеуі, есірткі, оған ұқсас заттар, темекі және насыбай бұйымдарын пайдаланбауы, отбасылық зорлық-зомбылыққа жол берілмейтіндігін, бұл туралы оқушылардан жасырын сауалнама алынып талдау жасалатыны, автокөлік құралдарын кәмелет жасқа толғанға дейін жүргізбеуі, интернет желісінде күдікті саналатын және жасөспірім оқушының жасына сай келмейтін сайттарға, парақшаларға, аккаунттарға кірмеуі және тіркелмеуі, діни-экстремистік, радикалды ұйымдардан ұзақ болуы, ішкі істер органдарына тәртіпсіздігі үшін есепке алынған жағдайда оның салдары, сонымен қоса осы жоғарыда айтылған мән-жайларды алдын ала Полиция органдарына хабарлаған жағдайда құнды сыйақымен марапатталатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тағы бір толғақты тақырып – алкоголь өнімдерін тұтынуға болмайтыны да сөз болды. Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі полиция капитаны Қаражігітова Айбаттың айтуынша, қазіргі уақытта ащы суға құмартатын жастардың қатары жиілеген. Бұл статистиканың кері әсері көп. Алкоголь адам ағзасын уландырады. Ол зат алмасуын бұзады, ағзаның инфекцияларға қарсы тұруын төмендетеді, іс жүзінде барлық мүшелерді, әсіресе бауыр, ми, жүрек, бүйрек, ішкі секреция бездерін соның ішінде жыныстық мүшені зақымдайды. Адамның уақытынан бұрын қартаюына да бірден-бір себепшісі. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайды. Сондықтан жастар мұндай кеселдерден аулақ болғаны жөн. Осы және өзге де құнды деректерді келтірген құқық қорғау саласының маманы заң талаптарын ескеру керегін еске салды.  Жиналыс соңында келген қонақтарға алғыс айтылып, оқушылардың пікірі тыңдалды.